Бағаның ең жоғары өсімі 1,1 пайызбен ақылы қызметте байқалды. Бұл орайда телефон қызметіне абонеттік төлем 20 пайызға, алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылар тасымалының теміржол қызметі 2,7 пайызға қымбаттады.
Тағамдық емес тауарлар 0,3 пайызға көтерілді, жазғы киім-кешектер мен аяқ-киімдердің бағасы 0,6 пайызға, тұрғын үйдің тауарлары 0,7 пайызға өскен.
Азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді. Жарманың бағасы орташа алғанда 3,6 пайызға арзандады, сүт өнімдері - 4, қаймақ - 2,7, май - 5,4, сұйық май - 1,3, жұмыртқа - 17 пайызға, қияр - 20 және пияз 10,4 пайызға төмендеді.
Нанның бағасы керісінше көтерілді. 1 сұрыптағы ұннан дайындалған нанның бағасы 11,5 және қарай бидайдан дайындалған нанның бағасы 1,7 пайызға қымбаттады.