Көліктің артқы терезесін сындырған үш жолаушы суға батып бара жатқан көліктен шыға алды, көлікте қалып қойған төртіншісі батып кетті.
Оқиға орнына Павлодар облыстық ТЖД-нің сүңгуір апаттық-құтқару жасағы мен Апаттар медицинасы орталығының бригадасы жіберілді. Оқиға орнына келіп жеткен қызметтер аман қалған ер адамдарға алғашқы медициналық көмекті көрсетті.
Павлодар облыстық ТЖД суда құтқару қызметінің күшімен сағат 01:00-де қаза тапқан 1973 жылғы төртінші ер адамның мүрдесі суға батқан көліктен жағаға шығарылды.
Оқиғаның себептері анықталу үстінде.