Павлодар облысында сайлау күні 18 жасқа толған 14 жас сайлаушы дауыс берді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар жастары өзінің азаматтық ұстанымдарын белсендірек байқатуда. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне Павлодар облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Әлия Сабырханова хабарлады.

«Мен дауыс берудің алғашқы сағаты ішінде бес учаскені аралап шықтым - олардың бәрінде де адамдар көп. Дәстүр бойынша аға ұрпақ өкілдері сайлау учаскелеріне алдымен келді. Бұл жолы жастар да өздерінің азаматтық жауапкершілігін белсенді көрсетуде», - ол.

Облыста алғашқылардың бірі болып, сайлау күні 18 жасқа толған 14 жас сайлаушы дауыс берді. Сайлау учаскелерінде олардың әрқайсысын құттықтап, ескерткіш сыйлықтар тапсырды.

Павлодар облысында таңғы сағат жетіде 576 учаске ашылды, сайлаушылар тізіміне 454 858 адам енгізілген.