Аймақта Ертіс өзені мен Ертіс-Қарағанды арнасының арқасында су қорлары жеткілікті. 2018 жылға дейін өңірде 52 мың гектар суармалы жерлерді ұйымдастыру көзделіп отыр. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы ауқымында жеті шаруашылықтың өндірістік инфрақұрылымын дамытуға 2,4 млрд. теңге бөлінді.
Суармалы егіншілікте заманауи технологиялар, жоғары сұрыпты тұқым қолданылады, оны дамытуға Голландиядан мамандар тартылуда. Олардың пікірінше, Павлодар облысы заманауи жаңбырлатқыш техниканы пайдалану бойынша елде алдыңғы қатарда келеді.
Суармалы учаскелерде 300 суару агрегаттары жұмыс істейді. Үш жыл ішінде «Reinke», «Valley», «Rainfain» сияқты танымал маркалардың 54 машинасы сатып алынды.
Сонымен бірге жыл ішінде облыста тамшылатып суарылатын алқаптар 15-тен 197 гектарға дейін ұлғайтылды. Успен ауданындағы «Галицкое» ЖШС елде алғашқы болып, 100 гектар алқапта жүгері сүрлемін әзірлеуде тамшылатып суаруға жерасты суларын пайдалану технологиясы енгізді. Оның шығымдылығы гектарына 400 центнерден жоғары болып шықты.