Бұл шараны тілдерді дамыту жөніндегі орталық ұйымдастырып отыр.
Айлық кезінде өңірде «Мемлекеттік тіл -менің тілім» конкурсы, көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей және Мұқағали Мақатаев атындағы конкурстары, «Мемлекеттік қызметкер және мемлекеттік тіл» байқауы өтті. Павлодарда ілеспе аударма проблемаларына арналған республикалық семинар ұйымдастырылып, аймақтардан келген мамандар тәжірибе алмасты.
«Тіл - Достық құралы» фестивалінде тіл саясатын дамытуға және ұлтаралық тұрақтылыққа үлес қосқан адамдар марапатталады. Концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.