Қыркүйектің 14-19-ы аралығында өткізілген шараның мақсаты - отбасы-тұрмыстық құқықбұзушылықтарды дер кезінде анықтау, жайсыз отбасыларда алдын алу жұмыстарын жүргізу, қылмыстардың жасалуына әсер етуші жағдайларды анықтау болды.
Профилактикалық есепте тұрған 10 047 адам тексерілді. Олардың ішінде 2 495 адам тұрмыстық жағдайда құқықбұзушылықтарға жол беретін азаматтар болса, 2 104 адам - ішімдікке үйір жандар. Операция барысында тағы 3 011 адам профилактикалық есепке алынды.
Қоғамдық орындарда мас болып жүргені және құқықбұзушылықтар жасағандары үшін 2 150 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 115 маскүнемді мәжбүрлеп емдеу туралы материалдар соттарға жіберілді.