Павлодар облысында жас жұбайлар 5-ші қабаттың балконынан секіріп кетті

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 11 маусым. ҚазАқпарат - Биіктен құлап, зақым алған және бас сүйек-ми зақымымен 30 жастағы әйел адам және 29 жастағы ер адам Ақсу қаласы ауруханасына жеткізілді, деп хабарлады Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметінен.

Ер адам алған жарақаттардан көз жұмды. Полицейлер жас жұбайлардың 5-қабаттағы балконнан бірге секіріп кеткенін анықтады. Тергеу жүргізілуде.