08:32, 02 Сәуір 2009
Павлодар облысында «Жол картасы» бойынша 17 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында ықтимал бос орындардың аймақтық болжамдық картасы жасалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мамандардың есебі бойынша ағымдағы жылы өңірде 17,1 мың адамды жұмыспен қамту қажет. Олардың қатарында жоғары оқу орындары мен лицейлердің түлектері және өндірістерде қысқартылуы ықтимал адамдар бар. 1.5 мың жас маман ұйымдар мен кәсіпорындарда еңбек тәжірибесінен өтеді. Тағы 2,5 мың адам үшін әлеуметтік жұмыс орындары құрылуда, деп хабарлады Еңбекпен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы Владимир Берковский. Жұмыспен қамту үшін қаржыландырудың лимиттері де анықталып отыр. Бұл мақсатқа жергілікті бюджет қаражатынан - 2,4 миллиард теңге, республикалық бюджеттен ? 5,1 миллиард теңге жұмсалады. «Жол картасы» бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты қайта жаңарту саласында 5 633 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Мектептер мен ауруханаларды жөндеу жұмыстарында ? 6 мыңдай адам, қалалар мен ауылдардағы әлеуметтік-мәдениет нысандарын жөндеу жұмыстарында ? 916 адам, жолдарды жөндеу жұмыстарында - 607 адам жұмыспен қамтылады. «Жол картасы» жобаларын жүзеге асыру үшін 1200 жұмыссыз тегін курстарда оқып, құрылысшы-шебер, электро-газ дәнекерлеуші, дәнекерлеуші-сантехник, электромонтер кәсіптерін алады.