Үш күннің ішінде Павлодардың, Екібастұз бен Ақсудың 100-ден аса тәртіп сақшысы жол-көлік апатында зардап шеккендер үшін 40 литрге жуық қан тапсырды.
Павлодардың №79 балабақшасында полицейлер жол қозғалысы ережелеріне арналған ең үздік суреттер мен өлеңдерге байқау өткізді.
Жүргізушілерді даярлайтын барлық мекемелердің курсанттары арасында «Ең үздік автомектеп» байқауы өтті. Қатысушылар көлік жүргізу шеберлігі мен жол қозғалысы ережелерін білуде жарысты. Бірінші орынға №17 лицей ие болса, екінші орынға Павлодар мемлекеттік университеті жайғасты.
Ленсаябақта жол-көлік апаттарының құрбандарын еске алуға арналған митинг өтті, аспанға қара-ақ түсті шарлар жіберілді.
«Жол қозғалысы қауіпсіздігінің апталығы» флеш-мобпен аяқталды.