Павлодар облысындағы өрт далалық жердің 620 гектарын отады - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Павлодар облысында өрт далалық жердің 620 гектарын отады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Сәрсенбі, 8 тамыз күні Павлодар облысына қарасты Қызылқақ ауылдық округінің аумағында далалық өрт орын алды. Жалын тілі 620 гектар жерді шарпыды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге Қызылқақ ауылдық округіндегі ерікті өрт сөндірушілер құрылымының 30 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.