Қыркүйектің 10-ы таңертеңгілік жағдай бойынша Первомайский, Көкжал және Майқарағай орманшылықтарындағы өрттер толығымен жойылды. Өрттің қайта шығуын болдырмас үшін, төтенше жағдайды жоюға жұмылдырылған күштер, аталмыш учаскілерде қалдырылды.
ҚР ТЖМ-ның «Апатты медицина орталығы» ММ-ның қызметкерлері халыққа медициналық және психологиялық көмектер көрсетуде. «Ресей Федерациясымен шекаралас жерлердегі жалындар Ресейдің авиациясы мен өртке қарсы құрылымдарының бақылауына алынды», деп анықтады ТЖМ-нан.