Павлодар облысындағы жалақы бірінші жартыжылдықта 17,6 пайызға өсті

ПАВЛОДАР. 15 тамыз. ҚазАқпарат - Павлодар облысының кәсіпорындарында бірінші жартыжылдықта бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы 80444 теңгені құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 17,6 пайызға өсті,

деп хабарлады статистика департаментінің баспасөз қызметінен.

Салалық құрылымда ең жоғары жалақы қаржылық және сақтандыру қызметкерлерінде - 110,5 мың теңге, тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді өңдеу саласындағы жалақы 109,8 мың теңгені құрайды.

Ең төменгі жалақы - қоғамдық тамақтандыру және қонақ үй қызметтерінде - 41,2 мың теңге.

Облыс қалаларының арасында орташа жалақы: Ақсуда - 92,5 мың теңге, Екібастұзда - 86 мың теңге, Павлодарда - 82 мың теңге.