бұл 2009 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 7,3 пайызға көп, деп хабарлайды статистика департаментінің баспасөз қызметі.
Павлодар облысында көліктегі жүк айналымы былтырғы жылдың бес айымен салыстырғанда 24,8 пайызға артып, 6,2 млрд. тонна шақырымды құраған. Автокөлікпен тасымалдайтын жүк айналымы 18,3 пайызға өсіп, 1,1 млрд. тонна шақырымды құрады.
Облыстағы жолаушылар тасымалы 2009 жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда 7,6 пайызға ұлғайып, 4,8 млрд. жолаушы-шақырымды көрсетіп отыр. Осы уақыт ішінде Павлодар облысының көліктерімен 263,9 миллион жолаушы тасымалданған.