деп хабарлады кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан.
Өңірде кәсіпорындарды аталмыш бағдарламаға тарту жұмыстары жалғасуда. Бұл өз алдына «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен бірге Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаларды іске асыруда тиімді құрал болмақ. Еңбек өнімділігінің есебінен экономиканың әлеуетті секторында өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі артады.
«Павлодар машина құрастыру зауыты» АҚ-ның кешенді жобасы ведомствоаралық комиссияның қаралымына жіберілді. «Каустик» АҚ өзінің жобасын іске асыруды жалғастыруда.
Биыл облыстың 10 кәсіпорны «Өнімділік-2020» бағдарламасын іске асыруды бастамақ.