Павлодар облысының 16 мың тұрғыны тұмауға қарсы тегін егіледі

ПАВЛОДАР. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының 16 мыңға жуық тұрғыны тұмауға қарсы тегін егіледі.

Нидерландылық вакцинаны сатып алуға бюджеттен  33 миллионнан астам теңге  бөлінген.    Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық  қадағалау   қызметінен  хабарлағандай,  бірінші кезекте    балалар  үйлері мен интернаттардың  тәрбиеленушілері,    қарттар үйінің  тұрғындары,    созылмалы   аурулары  бар  жасы 65-тен  асқан  адамдар  және     медицина қызметкерлері вакцина қабылдайды. 

Инфекциядан қорғанғысы келетін кез-келген  адам     ақылы кабинеттерге  барып,  вакцина  қабылдай  алады.    Ауырып  ем іздегенше,  вакцина қабылдаған  арзанға түседі -    «Инфлювак» вакцинасының  дозасы   2 мың теңгенің шамасында   және  ол  маусымдық  ауруға қарсы  иммунитетті  қамтамасыз  етеді.