деп хабарлады Бақытжан Сағынтаев облыстық мәслихаттың сессиясында жасаған есепті баяндамасында.
Желтоқсанның соңына дейін құны 1,5 млрд. теңге тұратын 13 жоба аяқталады. Бұлар - «Победа» ЖШС-да 400 бас іріқараға арналған тауарлы-сүт фермасын жаңғырту, облыс аудандарындағы алты көкөніс қоймасын заманауи жабдықтармен жарақтандыру, үш мал сою цехын іске қосу, екі мал бордақылау алаңын жаңарту, «БК-сельхоз» ЖШС-да шағын жылыжайларды салу.
Биылғы жылы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 11,8 млрд. теңге бағытталып отыр. Саланы қолдау және дамыту жөніндегі шаралар оның негізгі көрсеткіштеріне оң ықпал етуде, деп атап өтті облыс әкімі.
Агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігі сегіз айдың қорытындысында 1,3 есе өсті, жалпы өнім шығару көлемі өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 100,6 пайызды құрады.