Бұл жерде кәсіпорындардың, қоғамдық бірлестіктердің ұжымдары мен қаланың жастары қатысқан шеру өтті.
Өңір басшысы «Қазхром» Трансұлттық компаниясының тұрғын үй бағдарламасы бойынша салынған Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкерлеріне 64 жаңа пәтер кілттерін тапсырды.
Бұл соңғы жылдары компаниямен салынған 3-ші үй. Е. Арын ферроқорытпа зауыты қызметкерлерін жаңа қоныстарымен құттықтады.
Осы күні Е. Арын суық сумен жабдықтауға арналған полиэтилен құбырын шығаратын «ДАНиЕр» ЖШС-де болды.
Облыс басшысы сондай-ақ картоп пен көкөністерді өсіретін «Тимур» ШҚ-ға барып қайтты. Шаруашылықтың суармалы алқабында 1200 шақырымдық «Валлей» суару жүйесі қолданылады, кәсіпорынның көкөніс сақтайтын қоймасы бар.
Облыс әкімі Ақсу қаласының ауылдық аймақтары үшін осындай өндіріс орындарының қажет екендігін атап өтті.