Бұл атқарушы биліктің полицейлердің материалдық-техникалық жабдықталуын нығайтуға қосып отырған бірінші үлесі емес, өткен жылы ішкі істер органының автопаркі өңірлік бюджеттің есебінен 173 көлікпен толықты.
Павлодар облысында «Әмбебап полицей» ілкі жобасы іске асырыла басталғалы бері жол-патрульдік жасағы төрт мыңға жуық қылмыстың бетін ашты, жол ережесін бұзудың 70 мың фактісі анықталды. 63 мыңнан астам көлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға 437 млн. теңге сомасында айыппұл салынды.