ҚР Қарулы күштерінің әскери қызметкерлері, облыстағы әскери комиссариаттардың қызметкерлері, алғашқы әскери дайындық оқытушылары аймақ басшысының, облыстық мәслихаттың құрмет грамоталарымен және Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің наградаларымен марапатталды. Қарулы күштер ардагерлеріне «Қазақстан Республикасының қарулы күштеріне 20 жыл» мерейтойлық медальдары тапсырылды.
Облыстың құрметті тұрғыны, Ұлы Отан соғысының қатысушысы Қабдош Нұркин Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалімен марапатталды.