Павлодар облысының балалары Жаңа жылды қарсы алуда

ПАВЛОДАР. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында Аяз Ата мен Ақшақарды Мәдениет үйлерінде, интернаттар мен балалар үйлерінде өткен шыршаларда алғашқы болып балдырғандар қарсылады.

Шамдары жарқыраған шыршалар қасындағы жаңажылдық мерекелер «Самал» қоғамдық оңалту орталығы мен саңырау балаларға арналған интернатта болды. «Үміт үзбеу» қоғамдық қорының қызметкерлері павлодарлық Жастар сарайында мүмкіндігі шектеулі жүз балаға арнап ғажайып ертегі әлемінен көріністер ұсынды.

Демеушілер мен меценаттардың арқасында мерекелік таңертеңгіліктерде әрбір балаға ойыншықтар мен тәттілер салынған әдемі пакеттер табысталды. Екібастұзда 1500 бала қала әкімінің қайырымдылық шыршаларында Аяз Ата мен Ақшақардан сыйлықтар алды. Қонақтар арасында - мүмкіндігі шектеулі балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар мен жетім балалар бар.

Дарынды балаларға арналған жаңажылдық бал Ақсу қаласында өтті. Оқу үздіктері, олимпиада, халықаралық байқаулар жүлдегерлері мен чемпиондарды Жаңа жылмен қала әкімі Болат Бақауов құттықтады.