Облыста 401 мектепалды ұйым бар, онда 3-6 жас аралығындағы балалардың 95,7 пайызы тәрбиеленуде.
Ағымдағы жылдың аяғына дейін Павлодар және Ақсу, Май, Шарбақты және Павлодар аудандарындағы бұрынғы балабақшалар ғимараттары қалпына келтірілген соң, мектепке дейінгі тәрбиеленушілер үшін 1421 жаңа орын ашылады, деп атап өтті Б.Бексейтова.
2013 жылы бірінші тоқсанда Павлодардағы 320 орынға арналған балабақша тапсырылады - оның ғимаратын «Нефтехим LTD компаниясы» ЖШС мемлекеттік-жекеменшік серіктестігінің аясында қала үшін сатып алып, қала тұрғындарына сыйлады.
Е.Арын білім басқармасына мемлекеттік емес балабақшалардағы мемлекеттік тапсырыс көлемін көбейтуді тапсырды.
Отырыста «Бизнестің жол картасы-2020» және «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламалары бойынша шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын орындау және суармалы егін шаруашылығын дамыту проблемалары талқыланды.