08:28, 27 Сәуір 2009
Павлодар облысының бюджет саласының қызметкерлері жалақыларын уақтылы алуда
ПАВЛОДАР. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында бюджеттік ұйым қызметкерлеріне жалақы бойынша берешектер жоқ,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мұғалімдерге, дәрігерлерге, мәдениет саласы мен әлеуметтік мекеме қызметкерлеріне жалақылар дер кезінде төленбейтін өңірлердің қатарында Павлодар аймағын да атаған Қаржы министрлігінің мәліметі шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды облыстық қаржы басқармасынан. Жалақы айдың ең соңғы күні аударылып, заң бойынша келесі айдың алғашқы онкүндігінде төленуде. Оған қоса дағдарысқа қарамастан, қаржы басқармасы мұғалімдерге демалыс ақыларын төлеуге құжаттар әзірлеуде.