Павлодар облысының экс-әкімі Е.Арын жұмысынан өз еркімен кетті, деп мәлімдеді оның баспасөз хатшысы

ПАВЛОДАР. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Павлодар облысының экс-әкімі Ерлан Арынның баспасөз хатшысы Күнсұлу Исинова баспасөз үшін мәлімдеме жасады.

«Ерлан Мұхтарұлы Арын жұмысынан өз еркімен кетті. Оның кеңесшілерінің бірі пара алуға күдіктелуде. Ерлан Арын басшы өз қызметкерлерінің барлық әрекетіне жауап береді, деп санайды. Ол принципті адам ретінде мұндай жағдайда әкім қызметі жоғары лауазымында одан әрі қалу сыйыспайды деп санап, қызметінен кетуге өтініш берді, ол Президентке және оның саясатына адал болып қалады», - деді К.Исинова.