Сала қызметкерлерін Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын құттықтап, оларды марапаттады, деп хабарлады оның баспасөз қызметінен.
Аймақ басшысы электр стансаларында «Үдемелі индустриялық-иноовациялық дамыту» бағдарламасы бойынша жобалардың табысты іске асырылып отырғанын, алдыңғы қатарлы энергиялық тиімді және сақтау технологияларының енгізіліп отырғанын атап өтті.
Стансалардың қуаттылығы өсірілуде - 2016 жылға қарай ЕМАЭС-1 барлық сегіз блокты жұмысқа енгізіп, жобалық қуаттылықта шығуды жоспарлауда. ЕМАЭС-2-де үшінші блоктың құрылысы басталды. Павлодардағы үш және Екібастұздағы ЖЭС-ғы жабдықтар жаңғыртылу үстінде.
Көп жылғы адал еңбегі үшін Ерлан Арын энергиялық кәсіпорындардың басшыларын, саланың үздік қызметкерлері мен ардагерлерін «Облыс алдындағы еңбегі үшін» белгілерімен, Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттады.