Павлодар облысының Ертіс ауылында тәулігіне қуаты 10 тонналық шағын сүт зауыты іске қосылды

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Павлодар облысының Ертіс ауылында Абай атындағы ЖШС-да салынған жаңа автоматтандырылған шағын зауыт тәулігіне он тонна сүт өңдейді, деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметі.

Мұнда заманауи орамада май, ірімшік және қаймақ шығаратын екі желі жұмыс істейді.

Шикізатты Абай атындағы серіктестіктің фермалары жеткізеді - асыл тұқымды шаруашылықта симменталь тұқымды сүтті мол беретін сиырлар өсіріледі. Сондай-ақ сүт зауыты шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтардан да сүт қабылдайды.

Жаңа өндірістің өнімдері ауылдық дүкендерде үлкен сұранысқа ие болып отыр, сондай-ақ облыс орталығына да жеткізіледі.