Екібастұз және Ақсу аудандарының 50 мұғалімі кәсібилікті арттыру курстарында қайта даярлаудан өтеді.
Үш базалық деңгей бағдарламасы Кембридж университетінің білім факультеті сарапшыларының қатысуымен жасалған. Оның мақсаты - терең теориялық білім беру, оқытудың тәжірибелік дағдыларын дамыту, оқытудағы әдістемелік-дидактикалық тәсілдердің диапазонын кеңейтіп, сабақ жоспарлауды жақсарту. Сабақтарды «Назарбаев зияткерлік мектептері» педагогикалық шеберлік орталығында оқудан өткен ПМПИ-ның оқытушылары жүргізуде.
Қайта даярлау кіші топтарда fase to fase (бетпе-бет) және дистанциялық оқытуды қолдану арқылы өткізіледі.
Біліктілік емтиханын табыспен өткізгендердің жалақысына 30 пайыздық үстеме қосуға мүмкіндік беретін сертификат тапсырылады.