16 842 жаңа жұмыс орны құрылады, 23 мыңнан астам жұмыс түрлерімен қамтылады. Халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздардың санын азайту аймақта кедейшіліктің деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Оған қоса, жеке шаруашылықты дамытуға және атаулы көмек алушыларды еңбекпен қамтуға қаржы бөлінетін болады.
120 мыңнан астам адам жалпы сомасы 1,2 миллиард теңгенің мемлекеттік тұрғын үй, әлеуметтік және балалар жәрдемақыларын алатын болады.