Қаскүнем қоғамдық орындарда орнатылған ақпараттық тақталарды да құлатып, №1 орта мектептің сырттан бақылайтын бейнекамерасын ұрлап кеткен.
Құқыққа қайшы әрекеттерді жасады деген күдікпен екі күн бұрын Павлодар облысының тумасы, 1985 жылы туылған, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотты болған Г. есімді азамат ұсталып, УСО-ға тоғытылды.
Тергеу барысында күдікті өз кінәсін толықтай мойындады, қылмыс кезінде мас болғанын айтып, ұрланған камераны өз еркімен қайтарды.
Ертіс ауданының Ішкі істер бөлімі Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қорлағаны үшін қылмыстық іс, сондай-ақ бөтен мүлікті ұрлағаны және ұсақ-түйек бұзақылығы үшін әкімшілік өндіріс қозғалды.