Павлодар облысының үйлестіру кеңесінде Индустрияландыру картасына енетін 12 қосымша инвестжобалардың таныстырылымы болды
«Жалпы сомасы 61 млрд. теңге болатын, 3 029 жұмыс орнын ашатын бұл жобалар Индустрия және жаңа техноогиялар министрлігіне бекітілуге жіберілді», - деп хабарлады кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Қанат Шәбенов.
Аймақтағы Индустрияландыру картасына 26 млрд. теңге көлеміндегі инвестиция салынатын 11 жоба енуі керек. Олардың арасында - бір млрд. теңгеден артық инвестиция құйылып отырған «ГОК Төрт Кұдық» кен байыту фабрикасының жаңадан құрастырылу жобасы бар. Кәсіпорын жылына 500 мың тонна кен шығарып, бір тонна алтын мен он тонна күміс ала алады.
Мемлекеттің 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша аймақта 722 млрд. теңге көлеміндегі 42 жоба іске асуда, жаңадан сегіз мың жұмыс орны құрылды.