Павлодар оқушыларының құрамасы республиканың «Үздік олимпиадалық командасы» атанды

ПАВЛОДАР. Сәуірдің 25-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Ақтауда аяқталған республикалық зияткерлік жарысында Павлодар оқушыларының құрамасы «2009 жылдың үздік олимпиадалық командасы» деп танылды.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды. Олимпиада 14 пән бойынша өтті. Қалалық және селолық мектептердің 47 оқушысынан жасақталған павлодарлық құрама 9 алтын, 8 күміс, 6 қола медаль жеңіп алды. Дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейдің 11-ші сынып оқушысы Егор Клочков математика пәні бойынша абсолюттік чемпион атанды. Бұл - павлодарлық «Пифагордың» 17-ші наградасы. Егордың қоржынында түрлі халықаралық жарыстардың алтын және күміс наградалары бар. Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері үшін еліміздің үздік жоғары оқу орындарының есіктері ашық ? кез-келген университет пен институт оларды оқуға конкурстан тыс қабылдайды.