Облыс орталығының көшелерін тазалық пен тәртіпке келтіретін қар күрейтін машиналарды қарау барысында ол, бүгінде коммуналдық шаруашылықтың материалдық базасын жабдықтау, облыс орталығының көшелерінде қарды жинауға арналған техниканы сатып алу басты міндет болып табылатынын атап өтті.
Павлодар әкімі Оразгелді Қайыргелдинов аймақ басшысына қардың мол түсуі кезінде оны жедел түрде жинауға мүмкіндік беретін 19-дан астам жаңа техника сатып алынғандығын және жуырда қатарға тағы сегізі қосылатындығын хабарлады. Қысқы мерзімде барлығы 224 қар жинайтын машина жұмылдырылады, соның 175-і - жекеменшік және 49-ы - жалға алынған.