ЖОО-ның оқытушылары мен қызметкерлері шаңғы тебуге, волейбол мен баскетбол, үстел теннисі мен шахмат ойнауға шығады.
Кеше спартакиаданың ең қызықты кезеңі - «Көңілді старттар» өтті. Онда 7 ұжым жарысқа түсті.
Көңілді әрі қызу ойыннан кейін бірінші орынға ПМПИ колледжінің командасы шықты. Екінші орында - ЖОО-ның әкімшілігі, үшінші орынды жаратылыстану факультеті алды. Жүлдегерлерге грамоталар мен ақшалай сыйлықтар берілді.