Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының павлодарлық филиалының директоры Болат Зауытұлы студенттерге ел тәуелсіздікті алғаннан кейін Алматыда өткен Қазақтар қауымдастығының алғашқы құрылтайы туралы айтып берді. Оның филиалдары 19 елде ашылды, қазақ тілінде кітаптар жарық көруде.
ПМПИ-ның студенттері, Қазақстан Тәуелсіздігінің құрдастары қазақ ақындары мен жазушыларының жаңа басылымдарымен, басқа елдерде тұратын отандастарының шығармаларымен қызығушылықпен танысты.