Павлодар педагогикалық институтында жаңа оқу құралдарының тұсауы кесілді

ПАВЛОДАР. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ғалымдары басып шығаруға оқу-әдістемелік құралдар әзірледі, деп хабарлады ЖОО-ның баспасөз қызметінен.

Олар Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында аталған міндетті оқу курстарының негізі бола алады. Бұл «Амкеология, жеке және әлеуметтік табыс негіздері», «Қазақстандық құқық», «Өлкетану».

ПМПИ-ның кітапханасында өткен тұсаукесерде мектеп мұғалімдері басылым авторлары және рецензенттерімен кездесті.

Педагогтар оқу құралдарына қызығушылық танытып, бұл жұмыстарды қазақ тілінде басып шығару ұсынысын жасады. Әрбір басылым тәжірибеде сыналған материалдан тұратыны атап өтілді.