Алматыда 11 желтоқсанда аяқталған сайыстарға жылдық рейтинг бойынша іріктелген он үздік спортшы қатысты.
Полина Тышова пневматикалық қарудан ату бойынша Азия чемпионатына өтіп, Қазақстанның үздік спортшыларының үштігіне кіретінін дәлелдеді. Қазір ол 12 желтоқсан күні Азия мергендерінің чемпионаты басталған Қытай елінде сайысуда.