Өткен жылдың күзінде «Сұлу-ағаш» кедендік бекетінде ұсталған әлгі азаматтың көлігінен машина капотының астына жасырылған 6 келідей гашиш табылған. Қырғызстандық азамат, тыйым салынған тауарды Ресейге жеткізсе, оған 2 мың доллар беруге уәде етілгенін мойындады.
Есірткі тасымалдаушы жазасын Қазақстанда өтейтін болады.