станса үшін қауіп төндірген жағдайлардың алды алынды.
Болған жағдай бойынша түсінік берген «Павлодарэнерго» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Олег Перфилов апат орын алған кезде қалаға жылу беру тоқтатылмағанын айтты. Қала тұрғындары үшін жылусыз қалу қаупі де төнген жоқ. Павлодардағы жылу энергиясымен қамту жүйесі бойынша, осындай келеңсіз жағдайлар болғанда ЖЭО-лардың бірінен қалаға жылу беріліп тұрады.
Апаттың себептерін анықтау үшін, қолданыстағы заңнама бойынша, арнайы комиссия құрылады. Зерттеу қорытындысы 10 күннен кейін жарияланады.