Бұл туралы шаһар басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.
Биылғы жылы қаладағы 37 орта мектептен 1342 түлек ересек өмірге жолдама алады. Олардың ішінде 289 оқушы мемлекеттік тілде тәлім алса, 1053 орыс тілінде оқыған. Мектеп бітірушілердің 1057-сі (79 пайызы) ҰБТ тапсырады.
Білім беру бөлімі «Алтын белгіге» үміткер 39 оқушының және үздік аттестат алуға үміткер 25 баланың алдағы сынға әзірлігін қатаң қадағалап отыр. Сынақ тестілерінің қорытындысы бойынша олардың орташа балы 111,3-ті құрады.
Қала мектептерінде мамыр айында өткен сынақ тестілерінде түлектердің алған орташа балы 88,9-ды құрады.