Павлодарда 9 қабатты үйдің пәтерінде болған өрт салдарынан бір ер адам қаза тапты - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Павлодар қаласындағы 9 қабатты үйдің пәтерінде болған өрт салдарынан бір ер адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Бейсенбі, 9 тамыз күні Павлодардағы Павлов көшесінде орналасқан 9 қабатты үйдің пәтерінен өрт шықты. Оны сөндіру кезінде 1947 жылғы ер адамның мүрдесі табылды.

ТЖ-ды жоюға ҚР ТЖМ Павлодар облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметіндегі жеке құрамның 6 адамы мен 3 техника бірлігі жұмылдырылды.