Айыпталушы 18 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ол өткен жылдың жаз мезгілінде «Яблонька» саяжайында орналасқан үйдің есігін бұзып, үй иесіне күш қолдану арқылы оның 1100 теңге сомасындағы жеңіл сырт киімі мен оттығын ұрлап кеткен болатын.
Ол 10 күн өткеннен кейін сол үйге тағы келген. Ұйықтап жатқан үй иесін алдымен балғамен, одан кейін кетпенмен басынан және бетінен соғып, өлтірген. Одан кейін қылмыскер 8850 теңге тұратын мүлікті ұрлап әкеткен.