деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Шешуші кездесуде Павлодардағы №18 мектептің командасы жеңіске жетті. Екінші орынды Ақтоғай ауданының жас футболшылары иеленсе, турнирдің «қола» жүлдесін павлодарлық №7 мектептің командасы қанжығалады.
Жеңімпаз команда енді 10-18 тамызда Семейде өтетін республикалық «Былғары доп-2011» турнирінің финалдық жарысына Павлодар облысының атынан қатысады.