Облыс әкімі Болат Бақауов қол жеткізген жетістіктері мен педагогикалық шеберлігі үшін номинациялар бойынша үздіктерді Қазақстанда шығарылған LADA Granta автокөлігімен марапаттады. Олар, «Алтын қор» номинациясында педагогика ардагері, «Қазақ КСР білім үздігі» Қазбек Садықов, «Көшбасшылық пен нәтижелік» номинациясында Успен ауданы №3 орта мектеп директоры Бибігүл Жұмабекова, «Шығармашылық пен шеберлік» номинациясында Музыка колледжі-музыкалық мектеп-интернат кешенінің директоры Виктор Денисенко, «Жыл жетістігі» номинациясында «Жас дарын» мектебінің математика пәнінің ұстазы Арыстан Текенов. Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері» белгісімен облыстық дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының директоры Абдуррахман Демирджи, Ақсу қаласы Үштерек ауылы орта мектебінің директоры Ғалия Әмірханова, Павлодар қаласы білім беру бөлімі жалпы және орта білім беру секторының меңгерушісі Людмила Казанцева, облыстық дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының химия мұғалімі Алмас Ордабаев, Екібастұз политехникалық колледжінің басшысы Арғын Мәнібаев марапатталды. Жас ұрпақты тәрбиелеу және оқыту ісінде елеулі еңбегі үшін «Ыбырай Алтынсарин» белгісі Лебяжі ауданы білім беру бөлімінің басшысы Ерсін Еркенов, Екібастұз қаласының «Үміт» балалар үйінің басшысы Нағима Әбдірахманова, Тәрбие және білім беруді дамытудың инновациялық орталығының директоры Сәуле Слямова, Стикс орта мектебінің неміс тілі мүғалімі Лидия Шмидт, Павлодар көлік және коммуникациялар колледжінің арнайы пәндерінің ұстазы Ольга Карасаеваға бұйырды. Кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісімен «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері», педагогикалық еңбек ардагері Қабидолла Әлібаев пен Павлодар қаласы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының басшысы Сұлушаш Айтбаеваны марапаттап, сыйлыққа моноблок табыстады. Облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен Шарбақты ауданы Алексеевка жалпы орта білім беру мектебінің директоры Райхан Айдарбекова, Качир ауданы Байқоныс жалпы орта білім беру мектебінің директоры Зәуреш Абдыхаева, Ақсу қаласы балалар шығармашылығы үйінің директоры Сәуле Әділбаева, Ертіс ауданы білім беру бөлімі басшысының орынбасары Майя Багиенова, Баянауыл ауданы № 1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің педагог-психологы Бақыт Бейсекеева, Ақпараттық технологиялар орталығының басшысы Гүлжан Кәрімова, Павлодар облыстық мамандандырылған балалар үйінің директоры Бағдат Кембаева, Инновациялық Еуразия университеті колледжінің директоры Шалқарбай Таженов марапатталды. Облыс әкімінің Алғыс хатымен Лебяжі ауданы Жамбыл жалпы орта білім беру мектебінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Баян Бұланбаева, Павлодар ауданы Шақат жалпы орта білім беру мектебінің директоры Алмагүл Ысқақова, Екібастұз қаласы № 25 қазақ қыздар гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ментай Көбешова, Ақтоғай ауданы Қайырбаев атындағы мектеп директорының оырнбасары, информатика пәнінің ұстазы Кравчук Николаевна, Железин ауданы Веселорощинск орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Роза Құсайынова, Успен ауданы Белоусов орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Надежда Пивоварова, Май ауданы Қазан жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жібек Темірғалиева марапатталды. Барлық марапатталғандарға ноутбуктар сыйға тартылды.
Сонымен қатар, бұл күні 17 орта мектеп қатысқан «2016 жылдың үздік орта білім ордасы» облыстық конкурстың жеңімпазы анықталды. Қорытынды бойынша мәртебені облыстық дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицей алды. Лицей басшысына 18 миллион 287 мың теңгелік сертификат табысталды. «Қалалық жалпы білім беретін мектептер арасында үздік орта білім беру ұйымы» номинациясы бойынша жеңімпаз Екібастұз қаласының С.Торайғыров атындағы № 22 мектеп-гимназиясы, «Ең үздік ауыл мектебі» номинациясын Ертіс ауданының №2 орта мектебі болып шықты. Ал, «Ұлттық бірыңғай тестілеу - 2016 үздік нәтижелері үшін» номинациясы бойынша Екібастұз қаласы мен Баянауыл ауданының білім беру бөлімдері және "Жас дарын" мамандандырылған мектебі марапатталады.
22:38, 25 Тамыз 2016
Павлодарда білім беру жүйесінің төрт үздігіне жаңа автокөліктің кілті табысталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін облыстық тамыз конференциясында облыс әкімі Болат Бақауов білім беру жүйесінің үздік төрт қызметкеріне автокөліктің кілтін табыстады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.