Павлодарда еңбек сіңірген жаттықтырушы Рафаэль Вахитовтың жүлдесі үшін бокстан V Халықаралық турнир басталды

ПАВЛОДАР. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодарда ҚазКСР-дің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, профессор Рафаэль Вахитовтың жүлдесі үшін бокстан V халықаралық турнир басталды.

«Баянтау» спорт сарайының рингінде Қазақстанның, Әзербайжан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан және Украинаның мықты деген 167 боксшысы жұдырықтасады. Турнир спортшылар арасында AIBA-ның ережелері бойынша 10 салмақ дәріжесінде өтеді.

Рафаэль Гайсич 60 жыл бойы жаттықтырушы болған, ол ҚР спорт және дене шынықтыру басқармасының құрметті қайраткері, Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры.

Өңірлік бокс мектебінің қалыптасуы мен дамуы Р. Вахитовтың есімімен тығыз байланысты. Ол Павлодар облысында халықаралық санаттағы 3 спорт шеберін, 30-дан астам спорт шеберін, Қазақстанның 18 чемпионын, СКРО-ның,  КСРО Кубогы мен халықаралық турнирлердің 15 жеңімпазы мен жүлдегерлерін дайындады.