Павлодарда Ертіс өзенінің ортасындағы шағын аралда елік жүр

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда Ертіс өзенінің кішігірім аралында елік жануары табылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы агенттікке Павлодар қаласының орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры Аждар Жүсіпов мәлім еткен.

«Маған қала тұрғындары хабарласып, қала шетіндегі «Караван сарай» дәмханасы маңындағы Ертіс өзенінің кішігірім аралынан елікті көргендерін айтты. Қазіргі уақытта біз сол аралға жету үшін қайықтарды дайындаудамыз», - деді А. Жүсіпов.

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылғы ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес облыс аумағында 2672 сібір елігі бар. Сондай-ақ бұл өңірде 138 бұлан, 200 марал, 15 теңбіл бұғы, 300 қабан, 171 қасқыр, 42 мыңға жуық қоян және тағы да басқа жануарлар мекен етеді.

Айта кетерлігі, 2014 жылдың көктем-қыс аралығында 76 сібір елігі табылған.