Павлодарда еуразияшыл ақын Павел Васильевтің 100 жылдығына арналған салтанатты шаралар өтеді

ПАВЛОДАР. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда желтоқсанның 7-сінде еуразияшыл ақын Павел Васильевтің 100 жылдығына арналған салтанатты шаралар басталады,

 деп хабарлады     мәдениет  бөлімінен.

 Қазақстан  мен  Ресей  қалаларынан    келетін     қонақтар    ақынның    мұражай-үйінің  алдындағы   ескерткіштің маңына жиналып,    сөз шеберін   еске   алады.    Бұл күні  сондай-ақ  Павлодардағы    көркемсурет мұражайында   ақын  мерейтойына арналған   ретроспективті көрме   өтеді.

 Ал  желтоқсанның 8-інде С.Торайғыров атындағы  Павлодар  мемлекеттік университетінде  «Павель Васильевтің  мұралары» деген тақырыпта  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция  болады.

 Ақын  мерейтойына арналған    шараларды    желтоқсанның 9-ында   Мәдениет  сарайында  өтетін     салтанатты кеш қорытындылайды.