Павлодарда хоккейшілер «Ертіс» клубының кубогы үшін сынға түсті

ПАВЛОДАР. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда 1999-2000 жылдвары туған балалар арасында «Ертіс» клубының кубогы үшін шайбалы хоккейден халықаралық турнир басталды,

деп хабарлады қалалық денешынықтыру және спорт бөлімі.

Павлодар турнирі танымал бола бастады - биыл турнирге Ресейдің шекаралас және басқа да қалаларының хоккейшілері қосылды. Мұз айдыны сарайында Қарағанының «Юность» командасы, Омбының «авангард» және «Омсекие ястребы», Челябінің «Макаров атындағы хоккей мектебі», Новосібірдің «Металлургі» және Павлодардың «Ертісі» сынға түседі.

Жарыстар бес күнге созылады.