Облыс тұрғындарына 150 мың визит карточкасы және өз пәтерлеріне дабыл қағу құралдарын орнату жөнінде 130 мың жадынама таратылды. Ішкі істер органының есебінде тұрған 5 111 адам тексерілді.
Жертөлелер, шатырлар мен кәріз құдықтарын тексеру кезінде тұрғылықты мекенжайы жоқ 301 адам анықталды, олардың 101-і қабылдау-орналастыру мекемесіне жөнелтілді.
Ленин кентінде қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 35 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды.
Қаңғыбастыққа және сұрамшақтыққа салынған кәмелеттік жасқа толмаған 124 жасөспірім ұсталды, оның 19-ы Бейімдеу орталығына орналастырылса, қалғандары есепке алынды.