Осы жерден батырлар мен дала аруларын, ақсақалды қарттарды және жоңғар жасақтарын көруге болады. Алаңға сәйгүлікке мінген Абылай хан да шықты.
Жүздеген қыздар мен жас жігіттер «Ұлы дала туралы дастан» атты театрландырылған қойылымға қатысып, өткен жүздеген жылдар көріністерін еске түсірді.
«Бұл мереке жастарға біздің тарихымызды, бабаларының өткен 5 ғасырдан астам уақыт ішіндегі елін, жерін сақтап қалудағы ерліктерін білуге ұмтылдырады, патриотизмге тәрбиелейді»,- дейді Бұхар жырау атындағы әдеби музейдің директоры Роза Игембаева.
Сондай-ақ бүгінгі мерекеде күйлер байқауының жеңімпаздары өнер көрсетті. Көрермендер танымал «Тұран» этно-фольклорлық тобының концертін де сүйсіне тамашалады.
Ал түстен кейін «Ұлы дала дарындары» концерттік марафоны басталды. Онда облыс аудандарының үздік шығармашылық ұжымдары, ансамльдер және облыстық ҚХА этнобірлестіктерінің әншілері өз өнерлерін көрсетті.
Мереке соңы отшашуға жалғасады.