Павлодарда «Қазақстан мен ЕҚЫҰ» кітап көрмесі ашылды

ПАВЛОДАР. 8 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодардың облыстық кітапханасында «Қазақстан мен ЕҚЫҰ» кітап көрмесі ашылды.

Көрме сөрелерінде ЕҚЫҰ тарихы, еуропалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі осы ұйымның қызметі, оның әлемдік саясатқа әсері мен Қазақстанның оның төрағасы кезіндегі белсенді жұмысы жайлы әңгімелейтін ағылшын, қазақ, орыс тілдеріндегі 300 кітап, анықтамалық пен журнал орналасқан.

«Көме бөлімдері алдағы саммиттің басымдықтарына сай, олар: «Сенім. Дәстүр. Ашықтық. Толеранттылық», деп атап өтті кітапханашы Бахыт Жамалова.