Павлодарда кіші медбикелер «Еңбекпен қамту-2020» бағдарламасы бойынша дайындықтан өтуде

ВЛОДАР. 5 қазан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Биыл алғаш рет Павлодар медициналық колледжінде «Еңбекпен қамту-2020» бағдарламасы бойынша кіші медбикелерді дайындау басталды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

«Біз екі топқа барлығы 55 қыз бала жинадық. Кіші медбике мамандығына науқастардың жағдайын жасау жүктеледі. Мұндай мамандық әрқашан сұранысқа ие. Он ай бойы болашақ медбикелердің оқу ақысы бюджет есебінен төленіп, оларға ай сайын 12 188 теңге шәкіртақы беріліп отырады», - деп мәлім етті колледж директоры Әлия Сабырханова.